Біз туралы

gerbУниверситетіміздің ең үлкен мектептерінің бірі Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебі (ГӘҒМ) гуманитарлық білім берудің ауқымын қамтитын жеті түрлі саладағы білім бағдарламалары мен мамандануды ұсынады. Сонымен қатар, ГӘҒМ «Саясаттану және Халықаралық Қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі», «Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі» және «Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі»  атты үш магистратура бағдарламасын ұсынады. Біздің негізгі тұжырымдамамыз бен тапсырмамыз үйрену мен білімпаздықты, жергілікті және ғаламдық қарым-қатынас пен қызмет және қоғамдық жауапкершілікті жоғары бағалайтын құндылықтар жүйесіне негізделеді. НУ алдындағы Қазақстанның қоғамдық капиталын жетілдіру тапсырмасын басшылыққа ала отырып, ГӘҒМ жаңа ашылулар жасауға, оймен бөлісу  мен оны елімізді дамыту мақсатында қолдануға мүмкіндік беретін гуманитарлық біліммен қамтамасыз етеді.

Мектептің оқыту және зерттеу миссиясы болып жай ғана жекелеген фактілерді оқыту емес, түрлі деректер мен тәжірибе көмегімен алынған білім мен қабілеттерді байланыстырып, осы қабілеттер мен шеберлікті түрлі ортада қолдана білуге үйрету табылады. Кешенді үйрену негізгі мамандық пәні, білім салалары мен білім беру бағдарламасы арасындағы өзара байланысқа негізделеді. Кешенді үйрену сыни ойлау, жазу және қарым-қатынас қабілеттеріне, сондай-ақ академиялық білім мен қолданыс арасындағы байланысқа үлкен мән береді. Қазақстандық қауымдастық алдында тұрған сынақтар көпқырлы болғандықтан, осы қабілеттердің маңызы ерекше.

Зерттеу мен үйренуді біріктіруге негізделген Мектеп ретінде, білім өндіру біздің студенттердің гуманитарлық білім алуы үшін шешулі роль атқарады. Бұл білім біздің дарынды әрі мәртебелі оқытушылар құрамынан бастау алады. Оқытушылар мен студенттердің ой өрісін дамыту істерінде қол ұшын беретін біздің стартегиялық партнер Висконсин-Мэдисон Университеті бар екендігіне ризамыз.