Деканның cәлемдесуі

dsc_0313-2Назарбаев Университет Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебіне қош келдіңіздер! Біздің мектеп - ғалымыдар мен студенттерден қалыптасқан қоғам. Біздің басты мақсатымыз мектептің “болашақ үшін білім алу” ұранына негізделген.

Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебі (ГӘҒМ) гуманитарлық білім берудің ауқымын қамтитын Антропология, Экономика, Тарих, Саясаттану және Халықаралық Қатынастар, Социология, Әлем тілдері, әдебиеті және мәдениеті салаларында сияқты білім бағдарламаларын ұсынады. Сонымен қатар, ГӘҒМ «Саясаттану және Халықаралық Қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі», «Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі» және «Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі» атты үш магистратура бағдарламасын ұсынады. Біздің студенттер, докторлық дәрежесін әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарын алған, оқутышылардан білім алады. Кафедраның өкілдері ғылыми зерттеулермен шұғылданатынымен қатар, өздерін әрі озат ұстаз, әрі керемет басалқышы ретінде көрсетеді. Біз, әсіресе, Еуразиялық зерттеулер саласында тәжірибесі болған ғалымдарды іздестіреміз.

Біздің студенттерге ұстаздармен жақсы қарым қатынас орнатуға кішігірім кабинеттер мен студент-бағдарланған оқыту тәсілі ерекше көмек көрсетеді. Сонымен қатар, ГӘҒМ  Студент-кеңесшілер орталығы мен Академиялық жазу орталығы сияқты академиялық мәселелрді шешуге көмектесетін ресурстарды ұсынады.

2011 жылы ГӘҒМ ашылғаннан бері мен мектеп өмірінің бүкіл салаларына қатысып журмін. Бұл аса құрметке мен өте қуаныштымын. Осы уақыт ішінде мен көптеген маңызды сәттердің куәгері болдым. Жаңа саяхатты бастаған студенттердің бізге білдірген зор сенімі; Назарбаев Университеттің арманын орындау үшін, әлемнің түпкір-түпкір жерлерінен келген ұстаздардың жан қиярлықтығын көрсеткені; оқытушылар мен студенттердің нәтижелі жұмысына мүмкіндік беріп, қызметкерлердің ерінбей-жалықпай еңбек етуі – осының барлығы да ерекше мезеттердің бірі.

Ең алғашқы мақсаттарымыздың бірін орындап, біз басқа бағдарламалардың әзірлеуіне және жетілдіруіне көшеміз. Біздің электронды парақпен танысып, командамызда өз орыныңызды табуыңызға тілектеспін.

Ізгі тілекпен,

Др.Дэниел Пью.