Біз туралы

Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебі Университеттің еліміздің дамуына үлесін қосатын зиялы және қоғамдық капиталды жетілдіру ұстанымын қолдайды. Осы ниетті орындау мақсатында Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінің міндеті болып жаңа ашылуларға, мағлұматты табу мен білімді қолданыста меңгеруге үйрететін гуманитарлық біліммен қамтамасыз ету табылады.Гуманитарлық білімнің мақсаты жалпы білім іргетасын сыни талдау мен сараптау қабілетіне тиянақты дайындықпен үйлестіре білу.

Мектептің “болашақ үшін білім алу” ұраны жеке даму мен қоғамдық өркендеудің негізгі компоненті болып табылатын білім алуды біздің басты міндетіміз ретінде анықтайды. Бұл игі мақсатты орындауда әлемдік дәрежедегі зерттеу мен сыныптағы кемелдікті орнату маңызды. Біздің түпкі ұстанымымыз бен мұратымыз ғылымпаздықты, жергілікті және ғаламдық үлес қосу мен қызметті, қоғамдық жауапкершілікті басты құндылықтар ретінде қарастыратын түсініктер жүйесіне негізделген.