Студенттердің ғылыми жұмыстары

dsc_0114Біз дарынды студенттеріміз бен олардың зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін мақтан тұтамыз. Әдеттегі ресми сабақтар мен оқулықтардан гөрі, профессорлар мен студенттер арасындағы салыстырмалы түрде бейресми, көп өлшемді әрі күрделі ғылыми қарым-қатынас көрнекті мамандардың келесі буынын дайындауда зор үлесін қосатындығына кәміл сенеміз.

ГӘҒМ студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына деген талпыныстарында әрқашан қолдау көрсетеді. Жыл сайын мектептің ең жарқын студенттері өз ғылыми зерттеу еңбектерін халықаралық конференцияларда таныстыруға жіберіледі. Біздің студенттер қатысқан студенттік конференциялардыңгеографиясы таңқаларлық: Ноттингемдегі жыл сайынғы Адам Құқығы студенттік конференциясынан бастап, Бейжің мен Куала-Луспурдағы халықаралық студенттік дебат ойындары, Вена, Брюссель мен Прагада Жазғы мектептерден, Мәскеудегі LCSR семинарларына дейін жетеді.

Халықаралық зерттеу іс-шараларына студенттердің қатысуымен қатар, студенттерге зерттеу жұмыстарын кәсіби ортада жетілдіру мен талқылауға мүмкіндік беру мақсатында мектеп жыл сайынғы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар конференциясын өткізіп отыр.

2016 жылдың қараша айынан бастап, ГӘҒМ магистратура студенттерін NUGSE "Research in Education" студенттік ғылыми журналына қатысуға шақырады. Журнал білім беру саясаты, тәжірибе және философия мәселелері бойынша авторлық, тексеру және жөндеу тәжірибесін алуға тілейтін барлық аспиранттарға ашық. Біздің кейбір магистратура студенттеріміз қазірдің өзінде рецензенттер ретінде қатысуда! GSE және біздің студенттердің үлесін оңай табу үшін, мына журнал сілтемесі мен ақпараттық хатпен танысуыңызға сұраймыз.