Хабарландырулар

Мақалаларды жариялау және конференцияға қатысу туралы хабарлама «Қазақстанның Саяси Транзиті»

Мақалаларды жариялау және конференцияға қатысу туралы

хабарлама

«Қазақстанның Саяси Транзиті»

Назарбаев Университеті (20 қыркүйек 2019 жыл)

Тәуелсіздік алғанынан 28 жыл өткен соң Қазақстан өзінің ең алғашқы саяси транзитінен өтіп келе жатыр. Көптеген адамдар бұл процестің салдарын уайымдап, қандай сұрақтар туындайтынын талқылайды. Мысалы, Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруынан не күтуге болады? Жаңа мемлекет басшысы қандай өзгерістер әкеле алады? Президенттік сайлауға қарсы наразылықтар аясында демократияландыруға байланысты жақын арада не күтуге болады? Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қандай баға беріледі? Осы және басқа да мәселелерді талқылау қажет.

Ағылшын тіліндегі бұл бір күндік конференция Қазақстан ағымдағы саяси транзиті мәселесін талдау үшін қазақстандық саясат саласындағы сарапшыларды жинайды. Конференция 2019 жылдың 20 қыркүйек күні Назарбаев Университетінде өтеді. Қатысуға қызығушылық білдірген ғалымдар көлемі 250 сөзден тұратын тезистерін ағылшын тілінде 2019 жылдың 25 тамызына дейін мына мекен-жайға жіберуі тиіс: jean-francois.caron@nu.edu.kz. Конференцияға қатысу тегін. Алайда, Нұр-Сұлтаннан тыс аймақтардан келетін қатысушылардың жол шығындарын ұйымдастырушы тарап өтемейді. Сонымен қатар, конференция қатысушыларына материалдарын Palgrave MacMillan-мен «The Steppe and Beyond: Studies on Central Asia» сериясында жариялау мүмкіндігі беріледі.