Әлеуметтану және антропологоия кафедрасы

Әлеуметтану мен антропология екі тығыз байланысты ғылым салалары – екеуі де адам табиғаты мен адамзат қоғамын зерттейді, бірақ, қолданатын зерттеу әдістері мен талдау амалдары бір-бірінен өзгеше. Антропология адамзатты кешенді зерттейтін ғылым, ол төрт бөлімшеден тұрады. Әлеуметтік-мәдени антропологтар әлемдегі халықтардың мәдениетін зерттейтін болса, археологиялық антропологтар ертедегі мәдениеттер мен тұрмыстың технология немесе архитектура сияқты материалдық көріністеріне көңіл бөледі. Биологиялық антропологтар  адамды биологиялық организм ретінде, оның генетикасын, эволюциясын, примат туыстарымызды және адам физиологиясын зерттейді. Соңғы, лингвистикалық антропология тілдің жалпы мәдени жүйелердің бөлігі ретінде қалай қызмет атқарғандығын анықтауға тырысады. НУ-те біз осы түсініктердің барлығын адамның табиғатын толықтай ұғыну мақсатында ұластырамыз.

Әлеуметтану, атап айтқанда, адамзат қоғамын зерттейтін ғылым. Психология ғылымы айналысатын жекелеген адамдардың мінез-құлқы мен ниеттерін талдаудың орнына, әлеуметтану жалпы контексттегі қоғамдық топтардың құрылымын, “микро” деңгейдегі қарым-қатынастарды, “макро” немесе ғаламдық деңгейдегі жүйелік үрдістерге және екі арадағы барлық ұғымдарға көңіл бөледі. Әлеуметтану мамандар танысты жат етіп, қоғамдық құбылыстарды күрделілігін жете түсіну үшін қарапайым түсініктердің астарын зерттейді. Осы мақсатта әлеуметтану ғалымдар түрлі зерттеу әдістерін, оның ішінде сауалнамалар мен пікіртерімдерді, статистикалық талдауды, бейресми және тереңдетілген сұхбаттарды, топ-ішкі бақылаулар мен этнографияны және мазмұндық немесе текстілік талдауды қолданады. Сонымен қатар, әлеуметтану өте кең сала, оның басты қоғамдық институттармен (отбасы, жұмыс ортасы және экономика, саясат және медиа), қоғамдық бөлінулермен (оның ішінде нәсіл, этнос, жыныстық рольдер және қоғамдық таптар) және мәдениет, қоршаған орта, көші-қон, ұйымдар, спорт және қоғамдық психология сияқты басқа да салалармен айналысатын бөлімшелері бар.

«Адам болу деген нені білдіреді?»

Адамдар мен біздің қоғамымызды түсіну күрделі және ұзаққа созылатын  зерттеу саласы болып табылады және біздің департамент  адамның табиғаты туралы мәселерді біздің мінез-құлқымыз, технологиялық және биологиялық эволюция, сондай-ақ  қазіргі заманғы адами популяцияның, тілдері мен қоғамдарын немесе кейбіреулерімізге, көпшілігімізге  немесе баршамызға қатысты әлеуметтік проблемаларды қарайды. Әлеуметтанушылар мен антропологтар зерттеу, оқыту және далалық жұмыстар арқылы бізді адамға айналдыратын не деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.  Курстың алуан түрлілігіне және әр түрлі ғылыми мүдделерге байланысты біздің кафедра сізді «адам болу деген нені білдіреді?» деген сұраққа жауап іздеуге қатысуға шақырады.