2017 академиялық жылдың бағдарлау күндері

September 7, 2017

pjimageОсы жылы бағдарлау күндері бакалавриат студенттері үшін 28 тамызда және магистратура студентері үшін 4 қыркүйекте өтті. Әдеттегідей, бұл іс-шаралар алдағы студенттік өмір туралы, университеттік ұсыныстарды барынша пайдалану және курстарға тіркелу туралы көп ақпаратпен және экскурсияларға толы болды.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі 2017 жылы  бакалавриат бағарламасына 228 студентті, ал өткен жылы 200 студентті қабылдады. Экономика бөлімі студенттердің ең көп санына ие. ГӘҒМ-іне 23 магистрант, олардың 8-і Еуразиялық зерттеулер, 8-і саясаттану және халықаралық қатынастар, 7-і экономика бағдарламаларына қабылданды.

ГӘҒМ Мексикадан келген халықаралық студент Сандра Реалды қабылдауға қуанышты , ол біздің жергілікті студенттеріміздің арасында болады және Еуразиялық зерттеулер магистратура бағдарламасында оқитын болады.