Main-carousel-kk

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде түлектердің оқу бітіру рәсімі

SSE_4428

 

2019 жылдың 1 маусымында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі студенттерінің 5-i мерейтойлық оқу бітіру рәсімі өтті, онда қонақтар арасында түлектердің отбасылары да болды. Биылғы жылы мектеп 19 студент магистратура және 131  студент бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу бітірді.

Саясаттану және халықаралық қатынастар факультетінің түлектері Анастасия Денисенко мен Арайлым Райханова алғыс сөз айтып, оқудың табысты аяқталуымен құттықтады.

Біздің мектептің деканы Дэниел Пью салтанатты рәсімде түлектерді жігерлендіріп, оқудың өмір бойы маңыздылығын атап өтті.

Біз түлектерімізге тағы бір рет үлкен жетістіктер, мүмкіндіктер мен табыстар тілейміз. Сондай-ақ өмірде өздері үшін ғана емес, қоғам дамуына үлес қосатын жолды таңдауларына тілектеспіз.