Магистратура бағдарламалары

ГӘҒМ үш магистратура деңгейі бағдарламасын ұсынады: Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі, Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі және Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі. Бұл бағдарламалар Еуразиялық зерттеулер, саясаттану мен халықаралық қатынастар, экономикалық мәселелер саласындағы жоғары білікті мамандардың келесі буынын жергілікті және ғаламдық мәселелерді шешуге дайындау мақсатында тағайындалған. Магистр студенттер зерттеу мен оқытуда әрдайым мүлтіксіздікке ұмтылып отыратын халықаралық дәрежеде танылған оқытушылар құрамынан тәлім алады.

 

Шетелдік азаматтарға арналған оқу ақысына елеулі жеңілдіктер бар. Стипендия саны шектеулі екенін естеріңізге саламыз.

 

Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі

Экономика саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі