Орыс тілі және Еуразиялық Зерттеулер саласындағы Жазғы Мектеп

Nazarbayev University

Назарбаев Университетіндегі (Астана, Қазақстан) Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулер жазғы мектебі (SSRES) орыс және қазақ тілдері мен мәдениетін оқуға мүмкіндік беретін, жеделдетілген академиялық бағдарламаларды ұсынады.

8 апталық бағдарлама (1 оқу жылына сәйкес) 3 мамыр - 31 шілде, 2019 жылы
3 мамыр Студенттердің Астана қаласына келуі
4 мамыр Білімді тестілеу, курстар бойынша орналастыру. Мәдени бағдарламаның басталуы
5 мамыр Оқудың басталуы
26 шілде Соңғы оқу күні
28-30 шілде Оқу бітіру емтихандары және кетуден бұрыңғы тестілеу
31 шілде Студенттердің Астана қаласынан кетуі


Бағдарламаға шолу

SSRES студенттерінің орыс тілі немесе қазақ тілі бойынша жеделдетілген курстарын таңдауға мүмкіндігі бар.

Орыс тілі бойынша, SSRES бағдарламасы бастапқы, аралық, озық және озық / жоғары (Beginning, Intermediate, Advanced, Advanced/Superior) деңгейдегі курстарды ұсынады.

Қазақ тілі үшін, SSRES студенттері Назарбаев Университетінің студенттерімен бірге университеттің жазғы семестрінде оқитын болады; студенттердің қызығушылықтарына байланысты қазақ тілінің әртүрлі деңгейлері бар.

Жеделдетілген тілдік курстардан басқа, қазақ тілі және мәдениеті бойынша апталық практикалық курс бағдарламаның құнына кіреді.

8 апталық SSRES студенттері ағылшын тілінде қосымша бір элективті курсына түсу мүмкіндігіне ие болады. Еуразиялық зерттеулер курстары Назарбаев Университетінің Жазғы оқу жоспарының бөлігі ретінде ұсынылады және жергілікті және халықаралық студенттерге ашық.

Назарбаев Университеті Астанада (Қазақстан) орналасқан батыс стиліндегі университет болып табылады. Университеттің оқыту тілі - ағылшын тілі.  Университеттегі академиялық процестер халықаралық білім беру стандарттарына негізделген. Назарбаев Университеті - Қазақстанда халықаралық академиялық стандарттарға сай жұмыс жүргізетін, дербестік және академиялық қағидаттармен басқарылатын ең алғашқы университет.

Назарбаев Университеті - Еуразиялық зерттеулер бойынша әлемдік ғылыми-зерттеу көшбасшысы. Назарбаев Университетіндегі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Еуразиялық зерттеулер бойынша екі жылдық ағылшын тілінде оқытылатын магистрлік бағдарлама ұсынады. Бұл бағдарлама Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі жалғыз оқу орны және Еуразия аймағындағы санаулылардың бірі болып табылады.

Студенттер Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан Назарбаев Университетінің кампусында тұрады.

Бағдарлама халықаралық бакалавриат және магистрлік бағдарламада оқып жүрген студенттерге және жұмыс істеп жүрген мамандарға да арналған.