«Еуразиялық зерттеулер» докторантура бағдарламасы

Бағдарлама туралы

 

Назарбаев Университетінің пәнаралық «Еуразиялық зерттеулер» докторантура бағдарламасы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бағыты бойынша жоғары білікті мамандарды тек ағылшын тілінде оқытып дайындайтын Орта Азиядағы бірден-бір бағдарлама. Докторантура бағдарламасы жоғарғы деңгейдегі халықаралық стандарттарға және Қазақстан мен Орта Азия аймағының білім беру, қоғамдық және зияткерлік ортасына сай бейімделіп дайындалды.

 

Оқу бағдарламасында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың негізгі аспектілері бойынша міндетті курстар, академиялық жазу дағдыларын дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері мен этикасы сондай-ақ мамандану саласы бойынша міндетті түрде екі (немесе одан да көбірек) пәнді оқыту көзделген. Бағдарламада ғылыми білімнің дамуына үлес қосуға бағытталған докторлық диссертация жазуға қажетті барлық жағдай (уақыт, орын және икемділік) қарастырылған. Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде шетелдік қаржыландыру көздерінің мүмкіндігі және НУ профессоры мен шетелдік ғылыми кеңесшінің болуы біздің студенттеріміздің халықаралық деңгейдегі біліктіліктерін арттыруға ықпалдасады.

 

Біз еуразия аймағын зерттейтін жан-жақты және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаймыз. Біздің докторлық бағдарлама түлектерді «көпқырлы» және «икемді» ететін бірқатар қабілеттер мен машықтарға және сондай-ақ далалық зерттеулер жүргізуге дағдыландырады. Шын мәнісінде, пәнаралық зерттеулер белгілі бір зерттеу саласы бойынша берік негізі бар екендігін, сондай-ақ өзге де салалар бойынша терең дайындығын көрсетеді. Бұл өз кезегінде ғалымға түрлі ғылым салаларын өзара байланыстыратын шынайы көпір салуға мүмкіндік береді. Зерттеу аймағын жете білуі, зерттеліп отырған аймаққа қатысты қазіргі ғылыми білімнің деңгейін көрсететін түпдеректермен және ғылыми әдебиеттермен таныс болуы және жоғары деңгейде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін академиялық ағылшын тілін игеруі бағдарлама түлектерінің пәндік және пәнаралық терең ғылыми дайындықтарын көрсетеді.

 

Біздің бағдарлама түлектері Орта Азия және Орталық Еуразия (барлық түркі әлемін қоса алғанда), Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және әлемнің басқа да елдеріндегі университтер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар арасында жоғары сұранысқа ие. Бағдаларма Қазақстандағы білім беру ісін жаңартуға және білім беру, саясат, әлеуметтік сала және мәдениет саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті көшбасшыларды дайындауға септеседі.

 

«Еуразиялық зерттеулер облысындағы философия ғылымдарының докторы» бағдарламасы бойынша кемінде төрт жыл оқып, нәтижесінде докторлық диссертация қорғалады. Дисстертациялық зерттеулерінің алдында барлық аспиранттар НУ міндетті курстарды қоса есептегенде академиялық курстарды алуы қажет. Докторлық диссертацияны қорғау ғылыми атақ тағайынаудың негіздемесі болып табылады. Докторлық диссертация Назарбаев Университетінің оқытушысы мен әлемнің жетекші университеттерінің бірінен шақырылған тәуелсіз кеңесшінің жетекшілігімен жазылады. Ph.D дәрежесін алу үшін орындалған диссертация мамандану саласы бойынша тыңдалған негізгі және электив курстарда алынған әдістемелік және теориялық білімдерді пайдалана отырып, ізденуші тарапынан дербес жүргізлген ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделуі қажет. Диссертация жазар алдында студент біліктілік емтихандарын тапсырады.

 

PhD_brochure

 


Докторантураға құжаттарды тапсыру