Оқуға түсу

Бакалавр дәрежесін алу және ГӘҒМ-ды бітіру үшін студент мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын бітіруге міндетті. Әр бағдарлама әртүрлі деңгейлерде өту қажет міндетті курстарды, сондай-ақ барлық мамандықтар бойынша студенттер үшін міндетті курстарды қамтиды.

Бакалавриат бағдарламалары

Саясаттану және халықаралық қатынастар

* Негізгі және қосымша мамандықтар қолжетімді.

Саясаттану және халықаралық қатынастар бағдарламасы (PSIR) болашақ саясаттанушыларға арналған икемді және қолданбалы дағдыларды ұсынады, сондай-ақ студенттерді әртүрлі мамандықтарға дайындау үшін негіздерді қамтамасыз етеді. Бағдарлама болашақ магистранттарға дайындық ретінде қызмет етеді.

PSIR дипломымен сіз:

  • Талдау және әдіснамалық дағдылар
  • Салмақты ойлары, мықты дәлелдері бар күшті кейстер жасау қабілеті
  • Елдер арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қытынастарды түсіну
  • Адам құқықтарын, саясатты, дипломатиялық және құқықтық жүйелерді түсіну
  • Саясаттың қалай жүргізілетінін түсіну және айналамыздағы саяси әлемді түсінуді қалай үйренуге болатындығын аңғару

Мен PSIR дипломымен қайда жұмыс істей аламын?

  • Мемлекеттік секторда
  • Заң қызметтері
  • Жеке фирмалар және көпұлтты ұйымдарда
  • Үкіметтік емес ұйымдарда
  • Біріккен Ұлттар Ұйымында және басқа да халықаралық ұйымдарда
Экономика

* Негізгі және қосымша мамандықтарға қолжетімді.

Экономика саласындағы өнер бакалавры дипломы тек бизнес саласында ғана емес, мемлекеттік секторда да және коммерциялық емес ұйымдарда да шешімдер қабылдауда қолдануға ерекше назар аудара отырып, жоғары экономикалық білім беруді қамтамасыз етеді. Бағдарлама заманауи нарықтық экономиканы зерделеу дағдылары мен қабілеттеріне және олардың шаруашылық субъектілерінің шешімдер қабылдаудағы өзектілігіне ерекше назар аудара отырып, керемет академиялық тәжірибе ұсынады.

Экономика дипломымен сіз:

  • ресурстарды қалай пайдаланатындығын және оларды тиімді әрі нәтижелі түрде қалай бөлу керектігін түсінесіз;
  • үй шаруашылықтары мен фирмалардың бірге және жеке өзара әрекеттесуін түсінесіз;
  • кіріс пен әл-ауқатқа әсер ететін факторларды түсінесіз;
  • Іскерлік және ұйымдастыру шешімдерін қабылдау процесін, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан экономикалық саясатты қалай әзірлеу және жүзеге асыру керектігін түсіне аласыз;
  • нақты экономикалық және қаржылық деректерге негізделген, қажетті математикалық және статистикалық әдістерді қоса алғанда, сандық талдау әдістерін қолдана отырып, талдау жасауды үйренесіз.

Экономика дипломымен мен қай жерде жұмыс істей аламын?

  • Жеке секторда
  • Мемлекеттік секторда
  • Мемлекеттік мекемелерде
  • Үкіметтік емес ұйымдарда
  • Халықаралық корпорацияларда
Тарих, философия және дінтану

Тарих бойынша негізгі және қосымша мамандықтар бар. Философия және дінтанудан тек қосымша мамандық қана қана бар.

Тарих - өткенді зерделеу. Тарихты зерделеу өткен оқиғалар туралы  стандартты білім алу мен қайта қалпына келтіру ғана емес:  әңгіме үнемі жаңалықтар ашып және сыни бағалаудың туралы  болып отыр.

Тарихтың әртүрлі салалары белгілі уақыт аралығы (ежелгі, ортағасырлық, ерте заманғы, қазіргі заманғы және жаңа тарих), тиісті географиялық аудан немесе оларға қатысты  нақты тәсіл немесе көзқарас негізінде анықталады. Сондықтан біз мәдениет тарихы, зияткерлік тарих, дипломатия тарихы, экономикалық тарих және т.б. туралы айтамыз. Көптеген жағдайларда бір тарихшының  зерттеу және педагогикалық  қызығушылығы бір саланы ғана қамтумен шектелмейді.

Тарих дипломымен сіз:

  • Таныстырылған мәдениеттер, қоғамдар және наным жүйелерін түсіне аласыз
  • Қоғамның өткен кезеңде қалай жұмыс істегенін талдау және ағымдағы ахуалға қолдану
  • Өзгелердің дәлелдерін сыни бағалау өз көзқарасын айқын әрі сенімді жеткізе білу
  • Ақпараттың үлкен көлемін сәйкестендіру, бағалау және талдау

Тарих дипломымен мен  қайда жұмыс істей аламын?

  • Заң
  • Басқару мәселелері бойынша кеңес беру
  • Азаматтық қызмет
  • Маркетинг
  • Дипломатия
  • Қаржылық қызметтер және талдау
  • Журналистика
  • Оқыту мектебі
  • Академиялық білім беру мен зерттеулер
Тілдер, лингвистика және әдебиет

*Негізгі және қосымша мамандықтар бар. Негізгі мамандық үш бағыт бойынша - Әлем тілдері, тіл үйрену, лингвистика. Қосымша мамандық үш бағытта да бар - Әлем тілдері, әдебиет және мәдениет; Испан және латынамерикасы зерттеулері, француз және франк тілдеріндегі зерттеулер  

Тілдер, лингвистика, және әдебиет (LLL) бакалавры дәрежесі лингвистика, тілдер және әдебиет бойынша келесі буын мамандарын дайындайды, сондай-ақ  студенттерді әртүрлі мамандықтарға дайындау үшін негізгі жалпы дәреже береді. Біздің бағдарлама студенттерге төрт тілдің бірі, әлем мәдениеті мен тарихы: қытай, француз, испан және неміс тілдерімен мақсатты танысуды ұсынады. LLL бағдарламасының  студенттері бәрін оқуы мүмкін:  тілдің қалай пайда болатынын және адамның миында қалай  өңделетінін, өзгеретінін және уақыт пен кеңістікте өзгерісте ұшырайтынын қамтитын Жапонның театр тарихынан бастап әдебиетін зерделейді. LLL кафедрасы ұсынған бағдарламаларды зерттеу үстінде студенттер тіл, мәдениет, поэзия және әдебиеттің нәзік қырлары туралы толық түсінік алады, сыни және шығармашылық жазушыларға және тиімді коммуникаторларға айналады. LLL дипломы бар студенттер белгілі бір салада немесе ағылшын, испан, француз, неміс, қытай және басқа тілдерді қоса алғанда, мамандануды таңдай алады.

Тілдер мен әдебиеттер мамандығы бойынша сіз:

  • Бүкіл әлемнің әдебиеті мен эксперессивті мәдениеттеріндегі пәнаралық құзырет
  • Өз пікіріңізді дәйекті және өзара байланысты жеткізе білу қабілеті
  • Дәлелді, сыни, сенімді және шығармашылықпен жаза білу қабілеті
  • Поэзияның, әдебиеттің және мәдениеттің нәзік қалтарыстарын түсіне білу
  • Белгілі бір тілді немесе тілер семьясын білу
  • Жазбаша, сондай-ақ ауызша да көптілді аудармаларда және ауызша біліктілік,
  • Лингвистикалық әртүрліліктің, лингвистикалық эволюцияның, тіл мен ақылдың, қоғамның және ландшафтың өзара байланысы
  • Магистратура мен докторантураға жақсы дайындық

«Тілдер, лингвистика және әдебиет» мамандығы бойынша қай жерде жұмыс істей аламын?

  • Мемлекеттік сектор
  • Мұражайлар мен кітапханалар
  • Баспа (газет, кітап, сценарий, редакциялау)
  • Академия (мектептер, ЖОО)
  • ойын-сауық индустриясы (театр, теледидар және киноға шығармашылық жазу)
  • Халықтық білім
  • Үкіметтік емес ұйымдар
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар
Әлеуметтану

* Негізгі және қосымша мамандықтар бар.

Әлеуметтану – бұл адамзат қоғамын зерттеу. Индивидтердің уәжделуі мен мінез-құлқын зерттеумен шұғылданатын психологияға қарағанда, әлеуметтану «микро» деңгейдегі өзара іс-қимылдан бастап «макро» немесе жаһандық деңгейде және олардың ортасындағылардың бәрінің  жүйелі  процестеріне дейін зерделеумен айналысады. Әлеуметтанушылар белгісіздіктерді белгілі етуге тырысады, яғни  әлеуметтік құбылыстардың күрделілігін түсінуге тырысып, үстірт түсіндірулер шеңберінен асып түседі. Бұл үшін социологтар сұрау жүргізу мен сауалнама, статистикалық талдау, бейресми және терең сұхбат, қатысушыларды бақылау және этнография, сондай-ақ мазмұн мен мәтінді талдау сияқты кең ауқымды зерттеу әдістерін қолданады. Әлеуметтану да негізгі әлеуметтік институттарға (отбасы, жұмыс және экономика, дін, білім, саясат және БАҚ), әлеуметтік бөлімдерге (оның ішінде нәсілдік / этностық тиістілікті, жыныстық және әлеуметтік топтарды қоса алғанда) және басқа да көптеген салаларға,  мәдениет, қоршаған орта және көші-қоннан бастап  ұйымдарға,  спортқа және әлеуметтік психологияға дейін шоғырланған салаларды қамтитын өте кең сала болып табылады.

Әлеуметтану дипломымен сіз:

  • Адамзат қоғамында қандай заңдар өзара іс-қимылды реттейтінін түсінесіз
  • Адамдардың шағын және ірі топтарының мінез-құлық моделін түсінесіз
  • Адами қарым-қатынастың әртүрлі нысандарын - азаматтықтан бастап әскериге дейін - түсінесіз
  • Қандай әлеуметтік мәселелер бар екенін және оларды қалай шешу керектігін түсінесіз.

Әлеуметтану дипломымен мен  қайда жұмыс істей аламын?

  • Қоғамдық қызметтер
  • Ғылым
  • Зерттеу ұйымдары
  • Қоғамдық зерттеу ұйымдары
  • Мемлекеттік құрылымдар
  • Мемлекеттік емес ұйымдар
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар
Антропология

* Негізгі және қосымша мамандықтар бар.

Антропология мамандығы студенттерге адамзаттың не екенін толық түсінік беруге арналған. Бұл бағдарлама әлеуметтік-мәдени, археологиялық, биологиялық және антропологиядағы лингвистикалық курстармен адамдарды біртұтас зерттеу болып табылады. Бұл курстарда студенттер әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүретін адамдардың мәдениетін, технология мен сәулет, сондай-ақ генетика, адам эволюциясы, адам физиологиясы және тілдер сияқты өткен мәдениеттер мен өмірдің маңызды бөліктерін зерттейді.

Антропология дипломымен сіз:

  • Адамзат қоғамын және адамдардың арасындағы айырмашылықтарды сыни түрде бағалауды түсінесіз
  • Адамдардың топтарда өзін қалай ұстайтынын түсінесіз (жеке мінез-құлықты зерттейтін психологияға қарағанда)
  • Жергілікті және жаһандық проблемалардың шығармашылық шешімдерді таба аласыз

Антропология дипломымен мен қай жерде жұмыс істей аламын?

  • Ғылыми-зерттеу мекемелері
  • Ғылым
  • Мемлекеттік құрылымдар
  • Мемлекеттік емес ұйымдар
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар
Коммуникация

* Қосымша мамандық қана қол жетімді.

Бағдарламаның талаптары:

  1. Базалық курстар:
    1. Консультанттың жетекшілігімен студент үш мамандықтың біреуін немесе жалпы зерттеуді таңдап алады.
  2. Мамандану:
    1. Мамандану: Белгілі бір мамандық бойынша мамандануды таңдаған студент осы салада 9 кредиттік сағат болатын пәндерді алады.
    2. Жалпы бағыт: белгілі бір мамандық бойынша маманданбауды шешкен студент әрбір үш саланың  бір курсынан өтуі тиіс.
  3. Таңдалған курстар:
    1. Соңғы 3 кредиттік сағат – коммуникацияның кез келген курсты таңдауға арналған сағат болып табылады

Негізгі мамандық

Мамандық алу үшін тиісті бағдарламаның талаптарын орындау қажет. Мәселен, ең алдымен, бірқатар арнайы курстарды өту қажет; бұл пәндер мамандық бойынша  міндетті пәндер (major requirements) деп аталады.

Бәрін қосқанда, мамандық алу үшін  240 кредит алуыңыз керек. Тұтастай алғанда, бұған 4 жыл оқу керек.

Қос мамандық

Кейбір студенттер ГӘҒМ екі бағдарламасының талаптарын орындап шығып қосарланған мамандық (double major) алуы мүмкін. Алайда, НУ әртүрлі мектептерінен 4 жыл ішінде  қос мамандық алу іс жүзінде мүмкін емес, өйткені пәндердің жалпы білім беру циклына қойылатын талаптар мамандыққа байланысты бір бірінен айырмашылығы өте үлкен.

Қосымша мамандық

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің бакалавриат бағдарламалары шеңберінде қосымша мамандық (minor) алуыңыз мүмкін. Қосымша мамандану диплом алу үшін міндетті емес, бірақ негізгі ретінде таңдалмаған салада белгілі бір құзыретке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша мамандық үшін осы бағыттың пәндері бойынша 38 кредит алу қажет.

Көптеген жағдайларда студенттер қосарланған  мамандануды және қосымша мамандықты таңдай алады, бірақ бұдан көп емес.