Оқуға түсу

Бағдарлама туралы
Оқыту
Мәдени бағдарлама
Студенттік өмір
Бағдарламаның бағасы мен мерзімдері
Виза және шетелдік төлқұжат туралы ақпарат
Қаржыландыру көздері
Applying to SSRES
 

Назарбаев Университетіндегі (Астана, Қазақстан) Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебі (SSRES) орыс және қазақ тілдері мен мәдениетін оқуға мүмкіндік беретін, жеделдетілген академиялық бағдарламаларды ұсынады.

 

8 апталық бағдарлама (1 оқу жылына сәйкес): 

 

МАУСЫМ 3 – ШІЛДЕ 31

Маусым 3 Студенттердің Астана қаласына келуі
Маусым 4 Білімді тестілеу, курстар бойынша орналастыру. Мәдени бағдарламаның басталуы
Маусым 5 Оқудың басталуы
Шілде 26 Соңғы оқу күні
Шілде 28-30 Оқу бітіру емтихандары және кетуден бұрыңғы тестілеу
Шілде 31 Студенттердің Астана қаласынан кетуі
 
Бағдарламаға шолу

SSRES студенттерінің орыс тілі немесе қазақ тілі бойынша жеделдетілген курстарын таңдауға мүмкіндігі бар.

Орыс тілі бойынша, SSRES бағдарламасы бастапқы, аралық, озық және озық / жоғары (Beginning, Intermediate, Advanced, Advanced/Superior) деңгейдегі курстарды ұсынады.

Қазақ тілі үшін, SSRES студенттері Назарбаев Университетінің студенттерімен бірге университеттің жазғы семестрінде оқитын болады; студенттердің қызығушылықтарына байланысты қазақ тілінің әртүрлі деңгейлері бар.

Жеделдетілген тілдік курстардан басқа, қазақ тілі және мәдениеті бойынша апталық практикалық курс бағдарламаның құнына кіреді.

8 апталық SSRES студенттері ағылшын тілінде қосымша бір элективті курсына түсу мүмкіндігіне ие болады. Еуразиялық зерттеулер курстары Назарбаев Университетінің Жазғы оқу жоспарының бөлігі ретінде ұсынылады және жергілікті және халықаралық студенттерге ашық.

 

Назарбаев УниверситетіАстанада (Қазақстан) орналасқан батыс стиліндегі университет болып табылады. Университеттің оқыту тілі - ағылшын тілі.  Университеттегі академиялық процестер халықаралық білім беру стандарттарына негізделген. Назарбаев Университеті - Қазақстанда халықаралық академиялық стандарттарға сай жұмыс жүргізетін, дербестік және академиялық қағидаттармен басқарылатын ең алғашқы университет.

 

Назарбаев Университеті - Еуразиялық зерттеулер бойынша әлемдік ғылыми-зерттеу көшбасшысы. Назарбаев Университетіндегі Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі Еуразиялық зерттеулер бойынша екі жылдық ағылшын тілінде оқытылатын магистрлік бағдарлама ұсынады. Бұл бағдарлама Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі жалғыз оқу орны және Еуразия аймағындағы санаулылардың бірі болып табылады.

Студенттер Қазақстанның елордасы Астана қаласында орналасқан Назарбаев Университетінің кампусында тұрады.

Бағдарлама халықаралық бакалавриат және магистрлік бағдарламада оқып жүрген студенттерге және жұмыс істеп жүрген мамандарға да арналған.

SSRES студенттері орыс немесе қазақ тілдерінде оқытудың қарқынды курсын  таңдауы мүмкін. Одан әрі  олар тілді білу деңгейіне қарай бөлінеді: бастауыш, аралық, ілгерілетілген  немесе өз тілнде сөйлеуші. Қазақ тілін таңдаған студенттер Астанаға келгенге дейін өздерінің тілдік дағдыларын тестіден өтуі тиіс.

 

SSRES-те орыс және қазақ тілінің оқу бағдарламасы ортаға лингвистикалық және мәдени тереңдеу арқылы арқылы коммуникативтік оқыту әдісін пайдаланып жүргізіледі. Студенттер орыс тілін меңгерудің сәйкес  деңгейлері бойынша бөлінеді (ACFFL негізінде тест нәтижелері бойынша). Шетел тілдерін оқытуды шетелдіктерді оқытуда тәжірибесі бар және  қазіргі әдістемелер бойынша дайындықтан өткен мамандар оқытады.

 

Нұсқаушы –студенттер: Сабаққа қатысудан басқа, студенттер өздерінің әңгімелесу дағдыларын екі және одан да көп тілді меңгерген нұсқаушы-студенттердің көмегімен дамыта алады. Сондай-ақ олар студенттерге қалады бағдар алуға, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға және топ экскурсияларға шыққанда көмектесетін болады. Нұсқаушылар білім алушыларға орыс және қазақ тілдерін үйренуге көмектесеу үшін оқудан өтеді.

 

SSRES бағдарламасы ағылшын тілінде еуразиялық зерттеулер бойынша факультативтік  курстар ұсынады. Біздің веб-сайттан SSRES үшін таңдаулар тізімі қараңыз(әр қыста күтіледі).

 

Өткендегі  факультатаивтік курстар өзінде мыналарды қамтыды:

  • Саясат және Еуразия басшылығы
  • Орталық Азия тарихы
  • Қазақстан тарихы
  • Қазіргі орыс әдебиеті мен мәдениетіне шолу
  • аудармаға кіріспе

SSRES сондай-ақ «Қазақ тілі мен мәдениетінің практикалық курсы»  тегін  курсын ұсынады.

 

Еуразиялық зерттеулер туралы лекциялар топтамасы

 

Лекциялар кең аудиторияға арнаған және тыңдаушыларды  Қазақстанның мәдениетімен, тарихымен және әдебиетімен  таныстыруға бағытталған. Лекцияларды өздерінің қызмет салаларында заманауи зерттеулер тақырыбын қозғайтын Назарбаев Университетінің профессорлары оқитын болады .   Лекциялар топтамасы SSRES бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ студенттер мен университет қызметкерлері үшін ашық.

 

Лекциялар тізімі бағдарламаның веб-сайтында бағдарлама басталғанға дейін әр көктемде орналастырылады.

 

Бұның алдындағы Еуразиялық зерттеулер бойынша SSRES үшін лекциялар топтамасы келесі таныстырылымдарды қамтыды:

  • Александр Моррисон «Орталық Азиядағы Орыстардың жаулап алуын қайта қарастыру 1839-1895 жж»
  • Алексей Трошев «Қадамдар мен келісімдер арасында: Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігі»
  • Алима Бисенова «Қорғаныс және шекара: мобилділік, мәдениет және Алматы мен Астанадағы таптар»
  • Беатрис Пенатти «Орталық Азиядағы Ресейдің москит империясы»
  • Карес Шенк «Еуразия аймағындағы еңбек көші-қоны және сыбайлас жемқорлық»
  • Дэниель Бебен «Қазақстандағы ислам тарихы»
  • Габриел МакГуайр, қазақ фольклоры және ұлттық сәйкестік: Кеңестік және посткеңестік кеңістікті салыстыру.
  • Кристоффер Рис (Шығыс Индиана университеті) «Кеңестік өткенді қайта ойлап: кеңес дәуірінің кейіпкерлері қазақстандық сәйкестілік символы ретінде»
  • София Ан «Жақсы» балалар еңбегі, «Жаман» балалар еңбегі: посткеңестік кеңістіктегі саяси ауысу пікірталастары»

Қазақстанда болған сегіз немесе бес аптаның ішінде студенттердің Астана қаласында экскурсияларға қатысуға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, студенттер Астана қаласынан тыс экскурсияларға бара алады. Мысалы, Бурабай ұлттық паркіне саяхат, жаппай саяси қуғын сүргін кезінде ұйымдастырылған ГУЛАГ жүйесіндегі ең ірі лагерлердің бірі - ҚАРЛАГ-қа (Қарағанды түзеу-еңбек лагері) саяхат және “Қызылқанат” деп аталатын дүниежүзінде өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз өмір сүретін Қорғалжын қорығына сапар.

 

Астананың жаңа әкімдік орталығында (сол жағалау) орналасқан сәулетті жерлеріне үш сағаттық экскурсия. Бұл экскурсия сол жағалаудың ең қызықты нысандарына: «Астана-Бәйтерек» мұнара-монументі, Хазрет Сұлтан мешіті, Шеңбер алаңы, Сулы-жасыл желек жол және «Хан Шатыр» ойын-сауық кешеніне сапарлардан тұрады.
Қазақ мәдениеті күні - қазақ тіліне, табиғатпен қарым-қатынасқа және өмірлік мерекелерге арналған салт-дәстүрлер туралы (бесік той, тұсау кесу, беташар, шашу, тіл ашар және т.б.)
Құсбегілік - осы турға қатыса отырып, студенттер бүркітшінің тарихымен танысады, қыран құспен аңға шығудың жолдарын үйренеді және бірең-сараң аңға шығу техникаларымен де танысады.
КАРЛАГ экскурсиясында студенттер Долинка ауылында орналасқан жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық мұражайына сапар шегеді.  Студенттер қамаудағылардың күнделікті қолданған заттарын көре алады. Мысалы, 1930-1960 жылдардағы оқиғалар сипатталған күнделіктер, фотосуреттер мен құжаттар, олардың жатқан жерлері және ұсақ-түйек заттары.
Астананың “Ескі” жағына және қазақ базарларына экскурсия (оң жағалау). Астананың жаңа жағын көргеннен кейін, студенттер оң мен сол жағалауды салыстырып, Астананың елорда атанған кейінгі өзгерістерін өз көздерімен көріп, салыстыруларына мүмкіндік алады.  Студенттердің Орталық парк пен Есіл өзенінің жағасын аралауға; өзен бойымен қайық турларын алып, қаланың түнгі бейнесін тамашалауға; оң жағалауда орналасқан мешіт, шіркеу және синагоганы аралауға мүмкіндіктері бар. Экскурсия Орталық базарды аралаумен және ескі қалада ас ішумен аяқталады.
Қала сыртындағы “Балқарағай” демалыс аумағына және атқораға сапар -  ат пен табиғатты сүюшілердің көңілінен шығатын керемет сапар. Тәжірибелі нұсқаушылар ат сайыстары болатын жерде студенттерге атқа отыру және оны айдау жайлы сабақ береді. Содан кейін, студенттер қазақтың дәстүрлі тағамынан және орыс самауырында қайнатылған шайдың дәм татады.
Астананың мерекелік күні - “6” шілде күні Астана қаласы Қазақстанның елордасы ретінде өзінің мерейтойын тойлайды. Астана күні мемлекеттік мейрам болып саналады. Жыл сайын осы жарқын әрі қызықты мереке қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен шаттық сыйлайды. Осы мейрамға байланысты өткізілетін апталық мәдени іс-шаралар  халықтың көңіл-күйін көтереді. Астана күнінде өткізілетін фестивальдер арқылы Астананың кішігірім қалашықтан аймақтық орталық болғанына көз жеткізуге болады.
Бурабай ұлттық паркіне бару - Студенттер Солтүстік Қазақстандағы Бурабай ұлттық табиғи саябағында және табиғат қорығында, көлдер, таулар мен жабайы табиғаттың оазисінде қалалық өмірден үзіліс алады. Табиғат экскурсияларында олар тау шығып мен қайықпен серуендей алады, сондай-ақ таза ауамен дем алуға мүмкіндік алады. Экскурсия шығыстарына бір күн тамақтану мен қонақүйде қону кіреді.
Алматы – Қазақстан Республикасының ескі астанасы және республикадағы ең үлкен қала болып табылады. Студенттер Алматы қаласына Назарбаев Университетінің студенттерімен бірге барып тұрады, және қаланы бірге аралайды. Сапар Алматы қаласының тарихи орындарының экскурсиясын қамтиды, сондай-ақ қаланың тамақтану, сауда және мәдени өміріне кіріспе болады.

Біздің бағдарламамыз жергілікті НУ студенттерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік беретін бірегейлігімен ерекшеленеді. Оқу бағдарламасы, тұрғын үй және мәдени бағдарламалар SSRES студенттеріне Астана қаласында өз үйлерінде секілді сезінуіне және Астана әуежайында қарсы алғаннан бастап бағдарламаның соңына дейін әлемнің түпкір-түпкірінен достарды тауып, берік достық қатынастарын орнатуға мүмкіндік береді.

SSRES-2018 студенттері НУ студенттері ұйымдастырған кең ауқымды шараларға қатысты, олардың ішінде:

  • Домбыра сабақтары
  • Астана қаласының асыл қазыналарын іздеу
  • Фрисби жарысы
  • Дарындылар шоуы
  • SSRES хоры
  • Караоке

Шетелден келген студенттер университеттің кампусында, орыс және қазақ тілдерінде сөйлейтін НУ студенттерімен бірге бір бөлмеде тұрады. Стандартты бөлмеде екі кереует, екі үстел, шкафтар және ванна бар. Жатақханада тұратын студенттер толық жабдықталған асүйлерде тамақтана алады.

Біздің заманауи кампустарымызда студенттерге қажетті нәрселердің бәрі бар, соның ішінде дәріхана, кір жуатын орындар, шаштараз, оқу залдары, кафелер, мейрамханалар және т.б. Ғимараттар тәулік бойғы күзетіледі және тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетіледі.

Тамақтану жоспары бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін екі рет тамақтану қарастырылған. Сонымен қатар, кампустың аумағында бірнеше мейрамхана мен кафелер бар, және де студенттің жатақханасынның бірінші қабатында азық-түлікті және дайын тамақты сататын азық-түлік дүкені бар.

апта:      3 маусым – 31 шілде

ОРЫС ТІЛІ:

8 апталық бағдарлама: Қосымша төлем
$6500 $1000
8 апталық жеделдетілген орыс тілі (бір оқу жылына баламалы)
Қазақ тілі мен мәдениеті бойынша тәжірибелік курс Еуразиялық зерттеулер бойынша таңдау курсы (ағылшын тілінде)

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ:

8 апталық бағдарлама: Қосымша төлем
$6500 $1000
Қазақ тілі бойынша жеделдетілген екі 4 апталық курс (бір оқу жылының баламасы)
Қазақ тілі мен мәдениеті бойынша тәжірибелік курс Еуразиялық зерттеулер бойынша таңдау курсы (ағылшын тілінде)

* Бағдарлама құнына келесілер кіреді: 2 адамға арналған жалпы бөлмедегі жатақхана, тамақтану, әуежай трансферті, мәдени бағдарлама, экскурсия, студент-репетитор, кітаптар (оқу кезіне ғана беріледі), тренажер залы және визаға ресми шақыру қағазы.

 

АСТАНАДАҒЫ ҒАЛЫМДАР МЕН МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН КУРС **:

8 апталық бағдарлама:  
8 апталық жеделдетілген орыс тілі (бір оқу жылына балама) $1,800

** Астанадан келген ғалымдар мен мамандар үшін оқыту құны оқу сабақтарын, оқу-әдістемелік материалдарды қамтиды, бірақ тұрғын үй, тамақ немесе мәдени бағдарламаны қамтымайды.

Болжамды қосымша шығындар***

Авиабилет (АҚШ-тан) $1600
Виза $200
Медициналық сақтандыру Бағалары әртүрлі
Жергілікті тасымалдау $30
Жеке бас шығыны $125
Барлығы (төленбейтін) $1955

*** Сіздерге бағдарламаға дайындалуға және жоспарлауға көмектесу мақсатында көрсетілген болжамды шығындар. Бұл бағалар халықаралық экономика факторларына және өткен қатысушылардың баяндамаларына байланысты өзгертілуі мүмкін. Студенттердің шығындары олардың жеке үнемдеу әдеттеріне, бағдарлама кезіндегі саяхаттарға және қолдарында бар қаражатқа тәуелді.

ЕСКЕРТПЕЛЕР:

  1. Тамақтану жоспарына тек түскі және кешкі ас кіреді (Дүйсенбі - жұма күндері)
Төлқұжат

Студенттер төлқұжаттарының мерзімі сұратылатын визаның қолданысы аяқталатын мерзімнен кем дегенде 6 айға асуы керек. ҚР азаматтарының төлқұжаттарының мерзімі сұратылатын визаның қолданылуы басталатын мерзімнен кем дегенде 6 айға асуы керек.


Виза 

Қазақстанға келу үшін халықаралық студенттерге виза қажет. Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті визаға өтініш беретін студенттерге көмек көрсететін болады. Жазғы бағдарламаға қабылданған студенттерге Назарбаев Университеті визаға тапсырыс туралы және тағы басқа нұсқаулары бар хат жібереді.


Қазақстанға виза алуға арналған ыңғайлы схема үшін келесі нұсқауларды көріңіз:

https://www.kazakhembus.com/Kazakhstan-Visa-Step-by-Step-Guide


Төменде виза алудың процесіне қысқаша шолу көрсетілген.

Визаны ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) шақыру негізінде береді. Назарбаев Университеті визаға арналған шақыру хаттарын СІМ-ге жібереді және оның дайын болуына шамамен 10-15 күн кетеді.

Визаға арналған шақыру хаттарын дайындау үшін төменде көрсетілген құжаттар керек:

  1. Төлқұжаттың көшірмесі
  2. Мекенжай
  3. Сіздің мамандығыңыз және оқу орныңыз
  4. Сізге виза алуға өтініш беретін Қазақстан Елшілігінің немесе консулдықтың мекенжайы.
  5. Студенттік куәліктің көшірмесі (университет беретін)

СІМ шақыру хаттарын жіберген соң, Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті хаттың көшірмесін студенттерге электрондық пошта арқылы жібереді. Шақыру қағазын визаға керекті құжаттар пакетіне қосып, Қазақстан консулдығына тікелей немесе виза агенттігіне жіберу керек.


Визаға өтініш бергенде, сізде мына құжаттар болуы тиіс:

  1. Жарамды төлқұжат
  2. Шақыру қағазы
  3. Сауалнама. Сізге жеке виза сауалнамасын толтыру қажет. Барлық өрістер толтырылуы керек. Уақыты келгенде Сізге виза туралы толық нұсқаулар жіберіледі.
  4. Фото-сурет.Көлемі 3,5 х 4,5 см болатын өтініш берушінің суреті. Өтініш қағазының жоғарғы оң жақ бұрышына жапсырылуы тиіс.
  5. Сұрау хат.Бұл хат Қазақстан Елшілігінің консулдық бөліміне бағытталуы тиіс. Аты-жөніңізді, сапардың мақсатын, жоспарлаған сапар күндерін және баратын жерлеріңізді жазуларыңызды сұраймыз.
  6. Университет / колледж / мектептен хат.Оқу орнына қабылданғаныңызды растайтын хат.
  7. Консулдық алым.Консулдық визаны өңдеу төлемін тек ақша аударымы арқылы қабылдайды. Ақша аударымының көшірмесін тіркеңіз. Қолма-қол ақша және бизнес немесе жеке чектер қабылданбайды. Консулдық алымның құны студенттің азаматтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтемеге басыңыз:

http://www.kazakhembus.com/content/student-visa


Сіз визаңызды алғаннан кейін және Қазақстанға кетер алдында, Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтын (www.mfa.kz) тексеруге кеңес береміз, себебі иммиграциялық ережелер өзгеруі мүмкін.


Көші-қон полициясына тіркелу 

Қазақстанға келгеннен кейін барлық студенттер әуежайдағы кедендік күзетшілерден жергілікті көші-қон карточкасын алады. Бұл карта төлқұжатпен бірге болуы тиіс және оны жоғалтуға болмайды. Карта жоғалған жағдайында студент картаны қайтадан жасатпай, елден шыға алмайды. Шетелдіктер бес күнтізбелік күн ішінде міндетті түрде көші-қон полициясына тіркелуі тиіс. Тіркелу үшін шетелдік студенттер бес жұмыс күні ішінде (келген күннен бастап) Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне өз төлқұжаттарын өткізулері тиіс. Кез келген шетелдік Қазақстанға келу үшін осы тіркеу ережелерін сақтауы керек. Визаға қатысты сұрақтарды Мирас Шариповке жіберулеріңізді сұраймыз (miras.sharipov@nu.edu.kz).

SSRES студенттерге арналған қаржыландыру нұсқалары: Алдымен шетелде оқуға арналған қаржылай көмек туралы сіздің университетіңізден кеңес алыңыз, олар сізге кеңес бере алады. Бұл сіздің бастапқы қадам болады. Сондай-ақ, жазғы білім алу үшін келесі қаржыландыру көздерін қарастыруға болады:
Үлкен стипендиялар:
Boren Awards: STEM мамандықтары және ROTC стипендиясы үшін жазғы стипендияны қамтиды. Толық стипендияға дейін.
FLAS (Foreign Language and Area Studies) Fellowship: Қатысушы американдық институттардың студенттері үшін арнайы тілдерді қарқынды меңгеру. Толық стипендияға дейін.
Gilman International Scholarship Program: Федералды гранттық қаржыландыруды алатын американдық мекемелерде магистранттар үшін ашық. 5000 долларға дейін.
Әр түрлі марапаттарға ие ұйымдар (үлкен және кіші):
American Association of University Women Awards: Магистратура бағдарламалары бойынша оқитын әйелдер үшін.
Fulbright Awards in Kazakhstan: Әртүрлі марапаттар
Fund for Education Abroad (FEA): Шетелде оқуға қабылданған АҚШ студенттері үшін түрлі стипендиялар ұсынады. Кейбір марапаттар өте жомарт және олардың өкілдері аз топтарға және аудандарға қызмет етеді.
Golden Key Scholarship Awards: «Алтын кілт» құрметті қоғамының мүшелері үшін түрлі стипендиялар
Social Science Research Council: Бірнеше түрлі стипендияларды қолдайды
Шағын стипендиялар: Жазғы зерттеуді қаржыландырғыңыз келгенде, 500-ден 2500 долларға дейінгі шағын стипендиялар бар. Бұл тізім тек іріктеуден тұрады:
Annuity.org: Қаржылық жауапкершілік туралы эссе сайысы, бірінші орын үшін $ 2000, екінші орын үшін $ 1000
Corinne Jeannine Schillings Foundation Scholarship: Студенттер үшін қыздар скауттары және күміс немесе алтын медальдарымен марапатталды. $ 1000 марапаты
Hosteling International Explore the World Travel Scholarship: АҚШ азаматтары үшін 18-30 жас аралығындағы адамдар. $ 2000 сыйлығы (100-ден астам үміткерлерге)
Phi Kappa Phi Study Abroad Grants: Phi Kappa Phi филиалының студенттері үшін. $ 1000 марапаты
Rotary Foundation & Club Scholarships: Барлық студенттер үшін
The Study Abroad Journal Scholarship: Шетелде оқитын студенттерге 500 доллардан келетін бағдарлама
Tortuga Backpacks Study Abroad Scholarship: Шетелде оқуға қабылданған АҚШ студенттері үшін. $ 1000 марапаты
Zip Conferencing Scholarship: Байланыс, маркетинг немесе бизнес студенттеріне арналған эссе байқауы. 2500 долларға дейін.
Қаржыландыруға арналған басқа идеялар: Бірнеше іздеу сайттары және көп краудфандинг платформалар, сондай-ақ стипендия тізімі бар веб-сайттар бар. Бұл тізім толық емес.
Diversity Abroad Scholarships: Шәкіртақы іздеу сайты
FastWeb: Шәкіртақы іздеу сайты
Foundation Center: Funding Information Network: Қолайлы қаржыландыру ұйымдары үшін іздеу сайты
FundMyTravel: Саяхатқа арналған краудфандинг платформасы
Scholarship Portal: Шәкіртақы іздеу сайты
 
1-нұсқа (американдық студенттерге арналған)
Американдық студенттер серіктес институт, Аризона Университетінің Жаһандық бастамалары бағдарламасы арқылы бағдарламаға түсуге және АҚШ-тың академиялық кредиттерін табуға шақырылады. Аризона университеті (UA) денсаулықты сақтандырудың толық көлемін, алдын-ала шығу бағытын және кеңес беру сессияларын, сондай-ақ барлық бағдарламаға қатысушыларға тәулік бойы кеңес беру қызметін ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін https://global.arizona.edu/study-abroad/program/arizona-kazakhstanбағдарламасының веб-сайтына кіріңіз. Аризона Университеті арқылы қалай өтініш беруге болатынын және оларды қолданудың артықшылықтары туралы кез-келген мәселе бойынша “Қазақстандағы Аризона” бағдарламасының директоры Людмила Климановаға (klimanova@email.arizona.edu) хабарласыңыз. Өтінішті қабылдаудың соңғы мерзімі - 2019 жылдың 25 ақпаны.

Өтінімді АУ арқылы жіберіңіз

2-нұсқа (Американдық емес студенттерге арналған)
Студенттер онлайн өтінім формасын толтыру арқылы да өтініш бере алады. Ол үшін бір ұсыныс хатын жіберіп, өтінім бланкісіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Өтінімді НУ арқылы жіберіңіз

Жарамдылық  SSRES 2019 студенттерге, магистранттарға және жұмыс істейтін мамандарға есігін ашады. Студенттердің Қазақстанда оқып тұрғандары үшін виза ала алатын мүмкіншіліктері болуы қажет. Назарбаев Университеті визаға байланысты ақпарат пен қолдау көрсететін болады (бағдарламаның құнына енгізілген). Біз FLAS және тағы басқа стипендияларды қабылдаймыз.
Бағдарлама туралы сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: Аманда Мерфи, бағдарламаның директоры,(amanda.murphy@nu.edu.kz)