Академиялық жазу орталығы

Назарбаев Университетінің академиялық жазу орталығы НУ студенттері мен магистранттарына барынша сауатты және жақсы жазуға жәрдемдеседі. Біздің нұсқаушылар студенттерге академиялық және кәсіби тапсырмаларды орындауға, түйіндемелер мен уәждемелік хаттарды дұрыс жазуды үйретеді. Олар орфографиялық қателерді ғана жөндейтін тексеруші емес, көзбе көз кездесіп, студенттерге жазуды жақсартудың жолдарын түсіндіретін бапкер ретінде қызмет атқарады.

Жазу орталығының алға қойған мақсаты кездесуден кейін студенттердің өз бетінше  жазу жұмыстарын сараптап, бағалай білуіне көмектесу. Осындай кездесулер студентке берілген тапсырманың мақсатын айқындауды, нақты дәлелдер  келтіруді және грамматика жұмысын жасауды көздейді.

Студенттермен ғана емес, сонымен қатар факультет қызметкерлерімен де жұмыс жүргізіледі. Мысалы, орталық оқу жоспарлары мен бағалау әдістемелерін құрастыруға көмектеседі.

Академиялық жазу орталығы 8- блок, 207- аудиторияда орналасқан.

Кездесулерді жоспарлау үшін төмендегі сілтеме арқылы аккаунтқа тіркеліп, өз қалаған уақытыңызға сай келетін кездесуді таңдаңыз.

 

Жұмысты бастау үшін мұнда басыңыз