Студент-кеңесшілер орталығы

 

group photo

Студент-кеңесшілер Орталығына қош келдіңіздер!

 

Студент-кеңесшілер – жақсы дайындықтан өткен ГӘҒМ-нің студенттері. Олар әрдайым өзге студенттерге академиялық талаптарды түсіну және дәріс таңдау барысында көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар, студент-кеңесшілер университетті барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кеңестер беретін болады. Бұл орталықта студенттер барлық айтылған ақпараттың құпия түрде қалатынына кепілдік ала отырып, өздерінің қатарластарының арқасында уақтылы академиялық талаптарды орындап, студенттік өмірлерін барынша байытуға мүмкіндік алады.

 

Студент-кеңесшілер дүйсенбі және жұма күндері аралығында таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін ГӘҒМ блогының екінші қабатында 8.237 каб. отыратын болады. Сіздер олармен кез-келген уақытта жұмыс кестесіне сай кездесе аласыздар немесе shsspeeradvisors@nu.edu.kz поштасына хат жіберу арқылы арнайы кездесу белгілеуіңізге болады.

 

Сұрағыңыз бар ма? Онда біздің Студент-кеңесшілермен кездесіңіз!
Студент-кеңесшілердің күнтізбесі

 

Біздің кеңесшілермен танысыңыз:

 

Aigerim

Айгерім Нұрмаханова

Мен Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының 3-ші курс студентімін. Менің ойымша, осы ғылымдар әлемдегі саяси және әлеуметтік құбылыстарды түсіндіріп, болашақ білім алудың түп негізі болып табылады. Менің Peer Advisors орталығына қосылған себебім - студенттер үшін өздерімен жасты және дәл сондай жағдайдағы құрбыларымен, мазалап жүрген мәселелері мен толқыныстары жайлы, әңгіме қозғау әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болуы. Сондықтан да, мен өз тәжірибемен бөлісіп, студенттердің университеттік өмірін осыдан да қызықтырақ жасағым келеді.

Aipara

Айпара Берекеева

Мен Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебінде экономика мамандығы бойынша 3 курста оқимын. Бүгінгі таңда мен “Economics Leaders Society” студенттік қауымдастығында ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысып жүрмін. Сонымен бірге, күнделікті оқумен қатар, зерттеу жұмыстарын жүргіземін және француз тілін оқимын. Кеңес беру менің күнделікті кестемнің ажырамас бөлігіне айналды, және менің ойымша, бұл өз тәжірибеңмен бөлісуге және басқа студенттердің білімін қабылдауға керемет мүмкіндік береді. Тек бір-бірімізге көмектесе отырып, біз гүлденген ортаны құруға және сәйкесінше ГӘҒМ дамуына оң үлес қоса аламыз!

Akbota

Ақбота Кәрібаева

Мен Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебінің, Халықаралық қатынастар факультетінің, 3-інші курс студентімін. Халықаралық дипломатия мен мемлекеттік саясатка қызығушылығым өте мол болғандықтан, өз білімімді 3 жылдан бері практикалық түрде қолданып келемін. Университет қабырғасындағы оқудан және үйірмедерден тыс, мен студент кеңесшісі болып жұмыс icтеймiн. Мен үшін бұл өте құнды тәжірибе және күштi мүмкіндік деп ойлаймын. Осылайша, студенттерге ақыл-кеңесіммен көмектесе отырып, мен мектептің және университеттің дамуына үлес қосудамын деген ойдамын.

nursultan Нұрсұлтан Қалыбек

Мен Саясаттану және Халықаралық қатынастар факультетінің 3-ші курс студентімін. Оқудың алғашқы жылынан бері, университеттің әлеуметтік өміріне белсенді қатысудамын. Оған дәлел ретінде Номад ПК, UCL Сутденттік Кеңесі, MUN, SHSS Студенттік Кеңесі, Y2B, және тағы басқа мысалдарды келтіре аламын. Өзімді оқуда болсын, мектепте болсын, жеткілікті табысқа жеттім деп ойласам да, өзімнің алғашқы жылымда өзімнен үлкен студенттерден кеңес сурғанымда, бұдан да көп табысқа жетуші едім деп есептеймін. Сол себепті, өз жағымнан қандай көмек керек болса, әрбір серіктесіме сонша көмек беруге әрқашан дайынмын. Бұл орайда, Peer Advisors ұжымының рөлі осы мақсатты жүзеге асыруда ғана емес, өз мектебіме деген ыстық сезімімді одан әрі арттыруда үлесі зор болады деп ойлаймын.

Darya Дарья Аронова

Мен ГӘҒМ-нің экономика факультетінің 3 курс студентімін. Мен студенттік өмірімнің басталғанын бері, академиялық және оқудан тыс көптеген қиындықтарды басымнан кешірдім. Олардың көбі оңайлықпен шешіле қоймады және бар күш салғанды қажет етті. Өз басымнан өткендіктен, мен жаңадан келген студенттердің дұрыс шешім қабылдаудың және қажетті ақпарат табуының қиынға соғатынын толығымен түсінемін. Қазір мен өзімнің студенттік және академиялық тәжірибеме жүгіне отырып, НУ қоғамының жетілуіне студенттерге теңгерім кеңесші болу арқылы үлес қосқым келеді.

Dilshat

Дильшат Жүсіпова

Мен Саясаттану және Халықаралық қатынастар факультетінің 3-ші курс студентімін. Қазіргі кезде көптеген нәрселерді ертерек, 1-ші курстан бастап білсем екен деп ойлаймын. Мен осы білім-тәжербиелерімді Назарбаев Университетінің жаңа түскен студенттеріне жеткізсем деген ойдамын. Менің Peer Advisor ретінде жұмыс атқаруым маған көптеген құнды тәжірибе алып келді, Гуманирлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебінің түрлі студенттерімен таныстырды.

Xeniya Ксения Ким

Мен Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебінде экономика мамандығы бойынша 3 курста оқимын. Сонымен бірге,мен жарыссөзбен және волонтерлікпен айналысамын . Менің Peer Advisors орталығына қосылған себебім- баска студенттерге комектесу және студенттердің ең кең таралған маселелерін шешу.