Студенттер

Ғылыми зерттеу мүмкіндіктері
Оқу тәжірибесі мүмкіндіктері

Біз дарынды студенттеріміз бен олардың зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін мақтан тұтамыз. Әдеттегі ресми сабақтар мен оқулықтардан гөрі, профессорлар мен студенттер арасындағы салыстырмалы түрде бейресми, көп өлшемді әрі күрделі ғылыми қарым-қатынас көрнекті мамандардың келесі буынын дайындауда зор үлесін қосатындығына кәміл сенеміз.

ГӘҒМ студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына деген талпыныстарында әрқашан қолдау көрсетеді. Жыл сайын мектептің ең жарқын студенттері өз ғылыми зерттеу еңбектерін халықаралық конференцияларда таныстыруға жіберіледі. Біздің студенттер қатысқан студенттік конференциялардыңгеографиясы таңқаларлық: Ноттингемдегі жыл сайынғы Адам Құқығы студенттік конференциясынан бастап, Бейжің мен Куала-Лумпурдағы халықаралық студенттік дебат ойындары, Вена, Брюссель мен Прагада Жазғы мектептерден, Мәскеудегі LCSR семинарларына дейін жетеді.

Халықаралық зерттеу іс-шараларына студенттердің қатысуымен қатар, студенттерге зерттеу жұмыстарын кәсіби ортада жетілдіру мен талқылауға мүмкіндік беру мақсатында мектеп жыл сайынғы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар конференциясын өткізіп отыр.

2016 жылдың қараша айынан бастап, ГӘҒМ магистратура студенттерін NUGSE "Research in Education" студенттік ғылыми журналына қатысуға шақырады. Журнал білім беру саясаты, тәжірибе және философия мәселелері бойынша авторлық, тексеру және жөндеу тәжірибесін алуға тілейтін барлық аспиранттарға ашық. Біздің кейбір магистратура студенттеріміз қазірдің өзінде рецензенттер ретінде қатысуда! GSE және біздің студенттердің үлесін оңай табу үшін, мына журнал сілтемесі мен ақпараттық хатпен танысуыңызға сұраймыз.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі студенттер дәстүрлі университет ортасынан тыс маңызды рольдерді орындауға мүмкіндік алатын академиялық және мансаптық тәжірибе алмасу ұсынады.

Кәсіби дайындықтың осы құнды түрі студенттерге кампустан тыс ортада мансаптық қызығушылықтарын байқауға жағдай жасайды. Осы уақытқа дейін ГӘҒМ студенттері келесі мекемелерде тәжірибе алмасты:

Үкіметтік органдары мен ұлттық компаниялар
- ҚР Парламенті, ҚР Мемлекеттік Қызмет Агенттігі, Сыртқы Істер Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі, Білім және Ғылым Министрлігі, Қаржы Министрлігі, Мұнай мен Газ Министрлігі, Экономикалық Зерттеу Институты, жергілікті әкімдіктер, Қазақстан Даму Банкі, Қазақстан Темір Жолы, Самұрық-Қазына, ҚазМұнайГаз, т.б.

Халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер
– Қазақстандағы ЕО делегациясы, Еуразия Қоры, Американдық Сауда Палатасы, Халықаралық Көші-қон ұйымы, ӘДҰ, БҰҰ Даму Бағдарламасы, БҰҰ Балалар Қоры, БҰҰ Еріктілері, Британ Кеңесі, т.б.

Бизнес компаниялар
- BG Қазақстан, Петро Қазақстан, Проктэр энд Гэмбл, Дженерал Электрикс, Самунг, ENRC, NCPOC, т.б.

Біздің карьера және кеңес беру орталығы (CAC) біздің студенттерге арналған тәжірибе мүмкіндіктерінің тізімін ұсынады.
Өз веб-сайтына өту үшін осында басыңыз