Студенттер

Студенттік істер офисі
Студент-кеңесшілер орталығы
Академиялық жазу орталығы
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ГӘҒМ) Студенттік істер офисі мектеп студенттеріне оқу үрдісіне байланысты барлық мәселелерде қолдау көрсетеді. Біздің маман кеңесшілеріміз студенттерге пәндерді таңдау, бас мамандық таңдау, магистратура және мансапқа дайындық, оқу үлгерімін жетілдіру үшін мағлұмат табу, және академиялық саясатты түсіну, т.б. секілді оқу барысында туындайтын сұрақтарда жәрдем көрсетеді.

Сонымен қатар, кеңесшілеріміз студенттік өмірдің жатақханаға бейімделу, сабақтан тыс іс-шараларға қатысуы, оқу мен жеке өмірді қатар ұстау, профессорлармен қарым-қатынас және университет саясатын түсіну сияқты мәселелерде кеңес береді. Оған қоса, психологиялық қолдау көрсету және тәжірибе алу немесе шет елдерде оқу мүмкіндіктерін іздеуде септігі тиетін кампустағы орталықтарға кеңес сұрауға жіберуге әрқашан дайынбыз.
 
Айгерім Нургалиева
Студенттік істер менеджері
Электрондық поштаaigerim.nurgaliyeva@nu.edu.kz
Кабинет: 8.230
Мәселелер: Оқу жөнінде кеңес беру, курстарға тіркелу, өзін-өзі ұстау, магистратура бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау.
Айгүл Избанова
Студенттік істер менеджері
Электрондық поштаaigul.izbanova@nu.edu.kz
Кабинет: 8.230
Мәселелер: Студенттік сапарлар, өзін-өзі ұстау, бакалавриат бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау.

Студент-кеңесшілер Орталығына қош келдіңіздер!


Студент-кеңесшілер – жақсы дайындықтан өткен ГӘҒМ-нің студенттері. Олар әрдайым өзге студенттерге академиялық талаптарды түсіну және дәріс таңдау барысында көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар, студент-кеңесшілер университетті барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кеңестер беретін болады. Бұл орталықта студенттер барлық айтылған ақпараттың құпия түрде қалатынына кепілдік ала отырып, өздерінің қатарластарының арқасында уақтылы академиялық талаптарды орындап, студенттік өмірлерін барынша байытуға мүмкіндік алады.


Студент-кеңесшілер дүйсенбі және жұма күндері аралығында таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін ГӘҒМ блогының екінші қабатында 8.237 каб. отыратын болады. Сіздер олармен кез-келген уақытта жұмыс кестесіне сай кездесе аласыздар немесе shsspeeradvisors@nu.edu.kz поштасына хат жіберу арқылы арнайы кездесу белгілеуіңізге болады.


Сұрағыңыз бар ма? Онда біздің Студент-кеңесшілермен кездесіңіз!

Назарбаев Университетінің академиялық жазу орталығы НУ студенттері мен магистранттарына барынша сауатты және жақсы жазуға жәрдемдеседі. Біздің нұсқаушылар студенттерге академиялық және кәсіби тапсырмаларды орындауға, түйіндемелер мен уәждемелік хаттарды дұрыс жазуды үйретеді. Олар орфографиялық қателерді ғана жөндейтін тексеруші емес, көзбе көз кездесіп, студенттерге жазуды жақсартудың жолдарын түсіндіретін бапкер ретінде қызмет атқарады.


Жазу орталығының алға қойған мақсаты кездесуден кейін студенттердің өз бетінше  жазу жұмыстарын сараптап, бағалай білуіне көмектесу. Осындай кездесулер студентке берілген тапсырманың мақсатын айқындауды, нақты дәлелдер  келтіруді және грамматика жұмысын жасауды көздейді.


Студенттермен ғана емес, сонымен қатар факультет қызметкерлерімен де жұмыс жүргізіледі. Мысалы, орталық оқу жоспарлары мен бағалау әдістемелерін құрастыруға көмектеседі.


Академиялық жазу орталығы 8- блок, 207- аудиторияда орналасқан.


Кездесулерді жоспарлау үшін төмендегі сілтеме арқылы аккаунтқа тіркеліп, өз қалаған уақытыңызға сай келетін кездесуді таңдаңыз.


Жұмысты бастау үшін мұнда басыңыз


Өз веб-сайтына өту үшін осы жерді басыңыз