Студенттер

ГӘҒМ студенттері НУ студентік қоғамы мен НУ студенттік ұйымдарының құрамдас бөлігі. 50-ден астам студенттік клубтар мен қауымдастықтарға ұйымдасқан студентік топтар пікірлестер қауымын табуға, қабілеттерін көрсетуге, бастамаларын жүзеге асыруға, сонымен қатар ұмытылмас студенттік өмір туғызуға мүмкіндік береді. ГӘҒМ мектебінде бастау алып, университеттік деңгейге жеткен студенттік ұйымдар тізімі шексіз: Балаларға Қайырымдылық Клубы, НУ Қазіргі Заманғы Би Клубы, НУ Латино Қоғамдық Клубы, НУ Студенттік Вокал Клубы, Астана Жастар Парламенті, НУ Энактус, НУ Француз Клубы, HУ Черлидинг Командасы.

НУ студенттік ұйымдарынан бөлек, ГӘҒМ студент қауымдастығы жалпымектептік бірлестіктер құрды. Олардың қатарында Студенттік Кеңес, Саясаттану Студенттері Ассоциациясы, NUMUN және “Фокус” журналы бар.

ГӘҒМ Студенттік Кеңесі ГӘҒМ мектебіндегі білім сапасын жетілдіру мен студенттік өмірді байыту мақсатында құрылған, студенттердің туындаған мәселелерін Мектептің оқытушылар құрамы мен әкімшілігіне жеткізетін ұйым.

Саясаттану Студенттер Ассоциациясы саясаттану мен халықаралық қатынастар саласында маманданған немесе қызығушылығы бар студенттерге арналған ұйым. Ассоциацияның негізгі мақсаты болып студент – профессор арасында жақынырақ қатынас орнату, саясаттану мен халықаралық қатынастар саласында зерттеу мүмкіндіктеріне қызықтыру, ортақ қызығушылығы бар студенттер үшін қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыру, ашық, тату жолдастық ортада саяси мәселелер жөнінде дебаттар мен талқылау ұйымдастыру,     саясаттану мен халықаралық қатынастар саласының мамандарымен ғылыми байланыс орнату табылады.

VK беті: https://vk.com/nu_psir 

NUMUN мүшелері БҰҰ кездесулерін университет аясында бейнелейді.  NUMUN-ның бірқатар мүшелері аймақтық және ғаламдық Model United Nations  конференцияларына қатысты, олардың ішінде Алматыдағы, Лондондағы; Римдегі конференциялар бар.

VK беті: https://vk.com/numunclub